Күмiс пен алтын туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 8 тамыз 1994 ж. N 312-ө
1. "Алтын-алмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына Өзбекстан Республикасына (Алмалық тау-кен металлургиялық комбинатына) мыналарды шығаруға рұқсат етiлсiн:
"Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамынан Доре қорытпасындағы алтын және күмiс тиiсiнше 28,021 кг және 2803,1 кг;
"Өскемен қорғасын мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамынан 13170 кг аффинирленген күмiс.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Алтын-алмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына көрсетiлген бағалы металдарды шығару үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес лицензия берсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз