Жапонияның "Чори Ко, ЛТД" фирмасынан кредит алу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 5 қыркүйек 1994 ж. N 354-ө
1. Жапонияның "Чори Ко, ЛТД" фирмасынан 3,2 миллион АҚШ доллар сомасында кредит тарту мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi осы кредиттi пайдалану жөнiндегi өкiл болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шет ел фирмасына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 3,2 миллион АҚШ доллары сомасына кепiлдiгiн берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi осы өкiмнiң орындалу барысын және берiлген кредиттiң уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн, ал комбинат iлеспе шығындарды ескере отырып, өз қаржысы есебiнен оны өтесiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз