Жасанды алмас және оның негiзiнде бұйымдар өндiрiсiн құру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрi Бiрiншi орынбасарының Өкiмi 13 қыркүйек 1994 ж. N 4-30-ө
1. "Жезқазғантүстiметалл" акционерлiк қоғамы (Урумов Т.М.) "Скаббард-Алатау" корпорациясымен (Хурин М.С.) бiрлесе отырып Россия Федерациясының "Дайм" акционерлiк қоғамына кейiннен Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы мемлекеттiк сыртқы сауда компанияларының бiрi арқылы 1994 жылдың қыркүйегiнде шет елге сатуға ұқсату және осмий 187 изотопын алу үшiн құрамында осмий бар екi жүз тонна қорғасын шламдарын жiберсiн.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Ғ.Ә.Әбiлсейiтовке жүктелсiн.
Премьер-министрдiң
бiрiншi орынбасары
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз