Мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларының мемлекеттiк емес нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен өзара қарым-қатынасын тәртiпке келтiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Өкiмi 1995 жылғы 6 маусым N 210-ө

      Мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар басшыларының мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен өзара қарым- қатынасын тәртiпке келтiру мақсатында;
      1. Министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi "Қазақ ССР-iнде кәсiпкерлiктi және шаруашылық қызметiнiң еркiндiгiн дамыту туралы" Қазақ ССР Заңының мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары басшыларының көрсетiлген органдарда жұмыс iстеген кезiнде кәсiпкерлiкпен шұғылдануына тыйым салу бөлігiндегi 8-тармағындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi органдарының келiсiмiнсiз мемлекеттiк кәсiпорындардың делдалдық және коммерциялық қызмет жүргiзетiн құрылымдарға қатысуына және құруға жол берiлмейдi деп саналсын.
      Аталған тұрпаттағы кәсiпорындарға қазiргi кезде мемлекеттiк басқару органдары құрылтайшы және қатысушы болып табылатын кәсiпорындар мен ұйымдар берiлген және уақытша пайдалануға ұсынылған мүлiктi қайтарып, бұл құрылымдардың құрамынан шығатын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар түрiнде салынатын салымдардың есепке алынуын және олардың одан әрi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн:
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, комитеттiң және оның жергiлiктi органдарының келiсiмiнсiз жасаған-мүлiктi жалға алу шарттарын, белгiленген тәртiппен бұзсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi осы өкiмнiң орындалу барысына бақылау жасасын.
      Осы өкiмнiң орындалуына жеке жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасына /Қалмырзав С.С./ жүктелсiн.
      Орындалуы жөнiнде үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiнде, 1 тамызында мәлiмдесiн.

       Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады