Шет елдерге қызметтiк iссапарларға шығу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ӨКIМI 1995 жылғы 25 тамыз N 311

      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары басшыларының, облыстар мен Алматы қаласы жергiлiктi басқару органдары әкiмдерiнiң мемлекеттiк ұйымдардың, мекемелердiң, кәсiпорындар мен банктердiң қызметшiлерiнiң ынтымақтастықтың мәселелерiн шешу үшiн екiжақты келiсiмдерде қарастырылған жағдайлардан басқа жеке адамдардың, фирмалар және компаниялардың шақыруы бойынша шет елдерге қызметтiк iссапарларға шығуына тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары мемлекеттiк қызметшiлердiң шет елдерге қызметтiк iссапарларын ретке келтiру және шетелдiк iссапарлардың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын, сапардың мақсаты және келiссөздердiң нәтижесi туралы болған елдегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiне, елшiлiк жоқ болса - Сыртқы iстер министрлiгiне ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етiп, Министрлер Кабинетiне оның орындалғаны туралы кемiнде жарты жылда 1 рет мәлiмдеп отырсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады