Тәжiрибелiк үлгiлердi әкету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1995 жылғы 27 қазандағы N 0424
1. "Қазақстан Республикасының аймағында тауарлардың (жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтiң) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1002 P951002_ қаулысына сәйкес "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен АҚШ-тың "AGC Grоuр, Inс." корпорациясы арасындағы шартқа орай "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясына АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы "Қазақстан АҚШ-та" халықаралық көрмесiне апару үшiн кейiн қайта алып келетiн тәжiрибелiк үлгiлердi әкетуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және Сауда министрлiгi "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясына белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз