Бұйымдарды Болгарияға экспортқа шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 6 қараша N 440-ө

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың (жұмыс пен көрсетiлген қызметтiң) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1002 P951002_ қаулысына сәйкес "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамына, Болгарияның "Арсенал" фирмасымен 1995 жылғы 22 тамыздағы N 08-1 контрактiнiң 1,2-қосымшаларына сәйкес жалпы сомасы 47400 АҚШ долларын алдын ала төлетiп, арнайы бұйымдарды Болгарияға экспортқа шығаруға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады