Мемлекеттiк акциялар пакеттерiн реттеу және бақылау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 8 ақпандағы N 61
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде одан әрi есепке алу үшiн, Alem Bank Kazakhstan акционерлiк реестрлерiн беру туралы шешiмдi банктердiң Байқаушы кеңестерi арқылы 1996 жылдың 20 ақпанына дейiн өткiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне екiншi деңгейiндегi банктер акционерлерiнiң реестрлерiне есепке алуды жүргiзуге уақытша лицензияны 1996 жылдың 10 ақпанына дейiн берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Alem Bank Kazakhstan акционерлiк банкi мен Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкi акционерлерiнiң реестрлерiн есепке алуды жүргiзу ұсынылсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз