Көкшетау облысындағы Васильков алтын кен орнын өнеркәсiптiк игеру үшiн шет ел инвестицияларын тарту мақсатында: 1. Көкшетау облысындағы Васильков кен орнын игеруге қатысуға талапкерлердi iрiктеуге арналған конкурс комиссиясы мына құрамда құрылсын: Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, төраға Бiтiмбаев М.Ж. - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары Әбсаламов Х.К. - Васильков кен байыту комбинатының бас директоры Ахметов Ф.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Микроэкономикалық саясат бас басқармасы бастығының орынбасары Зазулин А.В. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Кен-металлургия кешенi департаментiнiң директоры Үжкенов Б.С. - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстар бас басқармасының бастығы Рахманова А.В. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету бас басқармасы бас консультанты Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасының Қаржы министр. лiгi Сыртқы экономикалық қызметтерге салық салу басқармасының мұнай жобалары бөлiмiнiң бастығы Костюкович А.И. - Қазақстан Республикасының Еңбек министр. лiгi Жұмыспен қамтамасыз ету департаментiнiң басқарма бастығы Скорик Б.К. - Көкшетау облысы әкiмi аппараты өнеркәсiп бөлiмiнiң меңгерушiсi
2. Комиссия 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн талапкерлердi iрiктеу және жеңiл шыққандарды айқындау жөнiндегi қажеттi процедураларды жүргiзсiн және тиiстi келiсiмдердi әзiрлесiн.
3. "McGuire Woods Battle & Boothe l.l.Р." фирмасы Васильков кен орнын игеру жобасын жүзеге асыруға байланысты заңдық мәселелер жөнiндегi ресми консультант етiп тағайындалсын.
Премьер-Министр