Жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 6 наурыз N 104. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрiнiң 1997.09.16. N 308 өкімімен.

     "Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 18 қазандағы N 1344   қаулысын  жүзеге асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында АЭС салу мәселелерi жөнiнде мына құрамда жұмыс тобы құрылсын: 

     Школьник В.С.          - Қазақстан Республикасының Ғылым және
                              жаңа технологиялар министрi

     Айманов А.К.           - ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi
                              мемлекеттiк комитет төрағасының
                              орынбасары

     Жантикин Т.М.          - Қазақстан Республикасының Ғылым және
                              жаңа технологиялар министрлiгi
                              жанындағы Атом энергетикасы жөнiндегi
                              агенттiктiң бас директоры

     Клякин В.В.            - Қазақстан Республикасының Энергетика
                              және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң
                              орынбасары

     Руденко Ю.С.           - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрлiгiнiң департамент бастығы

     Черепнин Ю.С.          - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                              ядролық орталығының бас директоры

     Шеманский В.А.         - "КАТЭП" ұлттық акционерлiк
                              компаниясының бiрiншi
                              вице-президентi
      2. Жұмыс тобы 10 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында АЭС салу туралы келiсiмнiң жобасын және қаржыландыру схемасын белгiленген тәртiппен ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi мен Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан МАЭС-1 алаңында атом электр станциясын және Лениногор қаласында шағын қуатты атом электр станциясын салудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне 3500 мың АҚШ доллары көлемiндегi осы жұмыстарды 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы Ядролық оқ-дәрiлердi кәдеге жарату жөнiндегi өзара есеп-айырысу туралы келiсiмге және 1995 жылғы 23 қарашадағы кәдеге жаратылатын ядролық оқ-дәрiлер үшiн өзара есеп айырысудың мерзiмi мен тәртiбi туралы хаттамаға сәйкес құрылатын қаражат есебiнен қаржыландыруға рұқсат етiлсiн.
      4. Жұмыс тобы АЭС-тi салудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын ақпарат берiп отырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады