Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпарат бюллетенiн шығару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 11 наурыз N 106 . Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.05. N 79-ө өкімімен. ~R010079-ө

      Жергiлiктi атқарушы органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету, аймақтық мемлекеттiк басқару органдарының өзара ақпарат алмасуын жақсарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезеңдiлiгi 2 айда бiр рет, таралымы 450 дана, көлемi 50 машинкалық бетке дейiн ақпарат бюллетенiн шығару туралы ұсынысы қабылдансын. Бюллетеньдi шығару 1996 жылдың 1 мамырынан басталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы /Е.Ә. Өтембаев/ Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты Аумақтық даму бөлiмi үшiн штат кестесiне сәйкес еңбекақы қорымен үш штаттық бiрлiк - аға референт - бюллетеннiң редакторы, референт, аға маман қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны /П.Я. Вдовенко/ шағын баспахана базасында тапсырыстың орналастырылуын және ақпарат бюллетенiнiң басылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi ақпарат бюллетенiнде жариялау үшiн ақпарат-талдау материалдары, консультациялар мен түсiнiктемелер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер-жерлердегi аймақтық саясатын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстың тәжiрибесi, облыстарда өткiзiлген аса маңызды шаралар туралы материалдар берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Кеңсесi /Қ.Ермекбаев/ ақпарат бюллетенiнiң аудандар, қалалар мен облыстар әкiмдерi аппараттарына жiберiлiп жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады