Қазынашылық облигациялар туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 14 наурыздағы N 114
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үкiмет кепiлiне берiлген директивалық кредиттер мен 1994 жылы өткiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешектерiн, iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектерiн, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн өсiмдердi өтеу үшiн қазынашылық облигацияларын пайдалану туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
бiр апта мерзiм iшiнде директивалық кредиттер мен iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектердi қазынашылық облигацияларымен өтеу ережесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазынашылық облигацияларын шығару туралы" 1996 жылғы 8 ақпандағы N 185 P960185_ және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шұғыл айналыстағы вексельдерi мен вексельдiк мiндеттемелерiн қазынашылық облигацияларға айналдыру туралы" 1996 жылғы 8 ақпандағы N 178 P960178_ қаулыларына сәйкес шығарылған қазынашылық облигацияларын директивалық кредиттер мен iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектi өтеу есебiне, оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тағайындалған депозитарлы-банкiндегi арнаулы депо-шотына аудару арқылы қабылдансын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз