Меморандумды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 20 наурыз N 129-ө

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен БҰҰ-ның Қазақстанның жекелеген кәсiпорын-қалаларындағы металлургия және кен өндiрiсi секторының iрi мемлекеттiк кәсiпорындарын құрылымдық қайта құру жөнiндегi Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы өзара түсiнiстiк Меморандумын (бұдан әрi - Меморандум) жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Меморандумды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн қосымшаға сәйкес құрамда Үйлестiру кеңесi құрылсын.
      2. Үйлестiру кеңесiне мыналар жүктелсiн:
      металлургия және кен өндiрiсi секторының iрi мемлекеттiк кәсiпорындарын құрылымдық қайта құру мәселелерi жөнiндегi республика саясатының стратегиясы мен басым бағытын әзiрлеу;
      БҰҰДБ, сондай-ақ БҰҰ басқа да мүдделi агенттiктерi тарапынан берiлетiн техникалық жәрдемнiң көлемi мен мәнiн анықтау;
      республика iшiнде халықаралық және шетелдiк донорлар есебiнен қаржыландыру көздерiн анықтау жөнiндегi, сондай-ақ бiрлесiп қаржыландыруға арналған мүмкiндiктердi iздестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      Меморандумды қолдауға iрi кәсiпорындарды құрылымдық қайта құруда техникалық көмек көрсетуге негiз бола алатын құқықтық және нормативтiк актiлердiң жобасын әзiрлеу;
      Меморандумды жүзеге асыру жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асыру.
      3. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасына мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлерi мен мамандары iшiнен, қала құрайтын кәсiпорындарды құрылымдық қайты құру Бағдарламасын басқару үшiн жұмыс тобын құруға құқық берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары В.В.Соболевке Металлургия және кен өндiрiсi секторының iрi мемлекеттiк кәсiпорындарын құрылымдық қайта құру жөнiндегi барлық бағдарламаны үйлестiрушi қызметi жүктелсiн.

     В.В. Соболев Үйлестiру кеңесi төрағасының, осы кеңес жүргiзiп
отырған жұмыс туралы есебiн мезгiл-мезгiл тыңдап отырсын және
Меморандумды жүзеге асыруға байланысты мәселелер жөнiнде өз құзыретi
шегiнде шешiм қабылдасын.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 20 наурыздағы
                                         N 129 өкiмiне
                                            қосымша 
     
         Меморандумды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды
            ұйымдастыруға арналған Үйлестiру кеңесi

     Шөкеев Ө.Е.             - Қазақстан Республикасының Экономика
                               министрi (кеңес төрағасы)

     Аманбаев М.Е.           - Қазақстан Республикасы Қаржы
                               министрiнiң орынбасары (кеңес
                               төрағасының орынбасары)

     Бәйменов А.М.           - Қазақстан Республикасы Еңбек
                               министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Имашев Б.М.             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                               мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                               комитетi төрағасының орынбасары

     Оспанов Х.А.            - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                               және сауда министрiнiң орынбасары

     Смағұлов К.М.           - Қазақстан Республикасы Экономика
                               министрiнiң орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады