инвестициялық бағдарламалары конкурсының процедураларына сәйкес: 1. Васильковск алтын рудасы кен орнын пайдалануға қатысуға үмiткерлердi таңдау жүргiзу жөнiнде конкурс комиссиясының 1996 жылғы 30 мамырдағы есебi бекiтiлсiн. 2. "Тек Корпорэйшн", "Бақыршық Голд ПИ-Эл-Си" және "Ферст Дайнасти Майнз Лтд"-дан (Бұдан әрi - "Тек" тобы) тұратын компаниялар тобына 000000Васильковск алтын рудасы кен орнын пайдалануға берiлген лицензия шарттары бойынша келiссөздер жүргiзуге қысқа мерзiмдi құқық берiлсiн. Лицензияның шарты басқа ережелермен қатар: тәртiп және мәмiленiң түпкiлiктi құжаттарын аяқтауының соңғы мерзiмiн; ең төменгi жұмыс бағдарламасын; қаржылық мiндеттеменi:
"Тек" тобының конкурстық өткiзуге арналған конкурстық комиссиясының барлық шығасылары мен мәмiлелердi құжаттау бойынша "Тек" тобымен одан әрi келiссөздер жүргiзудiң төлем шарттары, сондай-ақ қол қойылған бонустың ұсыныстар шарттарына сәйкес "Тек" тобының төлемiн қамтуға тиiс.
3. Конкурстық комиссияға, егер тараптардың келiсiмге қолы жетпеген жағдайда, "Тек" тобына 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн лицензия берiлмеген болса "Тек" тобымен қысқа мерзiмдi келiссөздер жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы немесе басқа компаниялармен - конкурс қатысушыларымен келiссөздер жүргiзудi бастау туралы шешiм қабылдауға өкiлеттiк берiлсiн.
Премьер-Министр