Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 6 маусымдағы N 266

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi бас басқармасы мекемелерiмен және "Кляйм Гмбх" фирмасымен (Германия) табиғи тасты өндiру және өңдеу жөнiнде 1995 жылғы 20 қаңтарда жасаған KAZ 95-1/1 инвестициялық жобаны уақытылы, толық жүзеге асыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы "Тұтас" ғылыми-зерттеу акционерлiк компаниясына Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Желтау кен орнынан (2 учаске) гранит блоктарын қазуға Қазақстан Республикасының Үкiметi 1995 жылғы 21 тамызда берген МГ сериялы N 649 жер қойнауын пайдалануға құқық беретiн лицензияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне кепiлдеме ретiнде қоюға рұқсат етiлсiн.
     Премьер-Министрдiң
       орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады