1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Сейсмология институтына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 50,0 (елу) млн. теңге: оның 40 млн. теңгесi жаңадан болжаулық байқау станциялары мен пункттерiн құруға және жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жарақтандыруға; 10 млн. теңгесi Сейсмологиялық байқаулар мен жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық жүйесiне айрықша жұмыс режимi енгiзiлген кездегi төленетiн қосымша еңбекақыны қоса алғанда, жер сiлкiнiсiн болжау жөнiндегi қосымша байқаулар ұйымдастыру және өндiрiсiне байланысты жұмыстарға ақы төлеуге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi бөлiнген қаражатты игерудiң тиiстi бағдарламасын бекiтсiн және оның орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етсiн. Премьер-Министрдiң орынбасары