Салық заңдарын бұзу жағдайлары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 18 маусым N 285. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Жергiлiктi жерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен қосымша алымдар мен төлемдердiң, соның iшiнде облыс, аудан аумағына кiргенi және жол жиегiндегi учаскедегi учаскелерге автокөлiк құралдарын қойғызғаны үшiн қолданылып жүрген заңға қайшы келетiн алымдар заңсыз енгiзiлуiмен салық заңдарын бұзу жағдайларының жиiленуiне байланысты: 
      1. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына салық заңына көзделмеген қосымша алымдар мен төлемдердi енгiзуге тыйым салынсын.
      2. Қосымша алымдар мен төлемдердi заңсыз енгiзуге қатысты салық заңдарын бұзуды болдырмау және жою мақсатында Қазақстан Республикасының Бас салық инспекциясы жергiлiктi жерлерде тиiстi тексерулер жүргiзудi ұйымдастырсын.

     Премьер-Министрдiң
       орынбасары 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады