Тұрақты осмий-187 моноизотопты экспорттау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 28 маусым N 308. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996.07.30. N 359 өкiмiмен.

      "Жезказганредмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның осмий-187, рений өнiмдерiн, құрамында күмiс және алтын бар шламдар, сондай-ақ басқа да сирек кездесетiн және асыл металдар өндiрiсi жөнiндегi (бұдан былай - "Жезказганредмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын) жұмысын ұйымдастыру, оларды сатудан түскен қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында:
      1. "Жезказганредмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жасалған N 96/ЕFЕ 005 контрактiге сәйкес 1996 жылы 1000 грамм тұрақты (радиоактивтi емес) осмий-187 моноизотоп (поликристалл түрiндегi) әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi

алғашқы саудаластықта жоғарыда аталған көлемдi сатудан босатып,
өнiмдi әкетуге лицензия берсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк белгiлеген тәр-
тiппен экспортталатын көлемге бақылауды жүзеге асырсын.

     Премьер-Министрдiң
        орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады