Жер сiлкiну болжамдарын жетiлдiру жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 19 шiлдедегi N 350

      Қазақстан Республикасының оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында сейсмикалық жағдайдың шұғыл асқынуына байланысты және "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 P941490_ қаулысымен көзделген сейсмологиялық байқау жүйелерi мен жер сiлкiну болжамдарын жетiлдiру жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды жүзеге асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жұмыс iстеп тұрған болжамдық байқау пункттерiн қайта жабдықтау мен байланыс жүйелерiн дамыту үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан 9,0 (тоғыз) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiнген қаражатты игерудiң тиiстi бағдарламасын бекiтсiн және оның орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың орынды жұмсалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
     Премьер-Министрдiң
        орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады