Жабық радионуклидтi гамма-сәулелi көзiн Қазақстан Республикасына әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 24 қыркүйек N 452

      1. "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 P960298_ қаулысына сәйкес Қарағанды онкологиялық орталығына Москва қаласындағы "Изотоп" Бүкiлаймақтық бiрлестiгiмен 1995 жылғы 25 қазанда жасалған N 08625142/02/32-95/96 шартқа сәйкес активтiлiгi 8650 Ки (СЭҚ коды 2844 40.000) ГИК-9-4 типтi (1 дана) Кобальт - 60 жабық радионуклидтi гамма-сәулелi көзiн Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен әкелуге лицензия берсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясының жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады