Колумбия округiнiң Жоғарғы сотында Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 23 қазан N 487-ө

      Қазақстан Республикасына (Қазақ Люксембург сауда үйiнiң контрактiсi) "Trans Соммоditiеs, Inс." компаниясының сот талабын болдырмау мақсатында:
      1. Колумбия округiнiң Жоғарғы сотында Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғау үшiн "White & Case" компаниясын таңдау туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ұсынысы мақұлдансын.
      2. "White & Case" компаниясы ұсынған Хат-келiсiм мәтiнi мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "White & Case" компаниясына 1996 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезек күттiрмейтiн мұқтаждарына көзделген қаражат есебiнен 25 (жиырма бес) мың АҚШ доллары мөлшерiнде аванстық төлем жүргiзсiн.
      4. Егер "White & Case" компаниясының шығыстары жоғарыда көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезек күттiрмейтiн мұқтаждарына көзделген қаражат есебiнен 20 (жиырма) мың АҚШ доллары шегiнде қосымша шығыстар төлеудi жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады