1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнің және Ауыл шаруашылығы мемлекеттiк қаржылық қолдау қоры Республикалық ведомствоаралық кеңесiнiң аталған фирмаға 105 (жүз бес) млн. теңге мөлшерiндегi берешегiнiң бiр бөлiгiн Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қоры қаражатының есебiнен қайтарымдық негiзде өтеу туралы
ұсынысы қабылдансын. 2. Алматы облысының әкiмi 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде югославияның "Прогресс" фирмасына 40,3 млн. (қырық миллион үш жүз мың) теңге мөлшерiнде берешегiнiң бiр бөлiгiн өтеудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ қаражатты Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қаржылық қолдау қорына 1997 жылы осы өкiмнiң 1-тармағына сәйкес қайтаруды ұйымдастырсын. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары