Ядролық материалдар сынамасын әкетуге рұқсат алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 4 желтоқсан N 548-ө

      1. Қазақстан Республикасы мен Атом энергетикасы жөнiндегi халықаралық агенттiк (МАГАТЭ) арасында Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы Келiсiмнiң 73, 74-баптарын орындау үшiн және сәйкес тәуелсiз бұзу өлшемдерiн жүргiзу үшiн шығарылатын әрбiр партияда 750 грамнан аспайтын мөлшерде МАГАТЭ (Вена, Австрия) штаб-пәтерiне жолданатын ядролық материалдар сынамасын әкетуге рұқсат етiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.06.30.
               N 1037 қаулысымен. P971037_
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi осы өкiмдi негiзге ала отырып Келiсiмнiң қолданылу уақытына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензия берсiн.
      3. Ядролық материалдар сынамалары тиелген контейнерлер МАГАТЭ мөрлерiмен сүргiленсiн және жөнелтушi-кәсiпорын мен МАГАТЭ-нiң iлеспе құжаттамаларымен жабдықталсын.
      4. МАГАТЭ штаб-пәтерiне (Вена, Австрия) ядролық материалдар сынамаларын жолдауды Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiктiң ұсынуымен МАГАТЭ мөрлерiн бұзбай, жөнелтушi-кәсiпорын жүзеге асырады.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады