Әлеуметтiк сала объектiлерiн балансқа қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 5 желтоқсан N 551-ө

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Атырау облысының "Полипропилен" акционерлiк қоғамының 1996 жылғы 1 шiлдеге 1 млрд. теңгеден астам сомада жинақталып қалған кредиттiк берешегiнiң және бюджет пен бюджеттiк емес қорларға тиесiлi сомаларды бiр жылдан астам уақыт төлемеуiнiң нәтижесiнде:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Полипропилен" акционерлiк қоғамының дәрменсiздiгi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны жою үрдiсiн жүргiзу туралы хабарламасы назарға алынсын.
      2. Атырау облысының әкiмiне:
      1997 жыл iшiнде "Полипропилен" акционерлiк қоғамының балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн балансқа қабылдау;
      1997 жылға арналған облыс бюджетiн қалыптастыру кезiнде осы кәсiпорындардың әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыруды ведомстволық қаржыландырудан облыстық бюджетке берiлетiн Әлеуметтiк-экономикалық дамудың 1997 жылға арналған индикативтiк жоспары жөнiндегi әлеуметтiк мекемелер негiзiнде және солардың саны шегiнде, облыстың бюджеттiк ұйымдарының жүйелерiн оңтайландыруды ескере отырып, көздеу;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және "Полипропилен" акционерлiк қоғамына кәсiпорында ол жойылған жағдайда өндiрiстiк үрдiстердiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жылу-энергия ресурстарын берiп тұру мөлшерiн сақтау мәселелерiнде ұйымдастыру жәрдемiн көрсету ұсынылсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады