Газ жарылысының зардаптарын жоюға қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 586

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан Семей облысының әкiмiне Семей қаласындағы тұрғын үйдегi газ жарылысының зардаптарын жоюға 25 (жиырма бес) млн. теңге бөлiнсiн, оның iшiнде:
      зардап шегушiлер үшiн пәтерлер сатып алуға 17 (он жетi) млн. теңге;
      жоғалтқан мүлiктерiнiң орнын толтыру үшiн зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге 8 (сегiз) млн. теңге.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 62 өкiмiнiң 1-тармағындағы "175 (жүз жетпiс бес) млн, теңге" деген сөздер "170 (жүз жетпiс) млн, теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 354 өкiмiнде:
      екiншi абзацтағы "165 (жүз алпыс бес) млн, теңге" деген сөздер "145 (жүз қырық бес) млн, теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "123 (жүз жиырма үш) млн, теңге" деген сөздер "103 (жүз үш) млн, теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3. Семей облысының әкiмi 1993 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне баяндасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң жанындағы Қаржы-бақылау комитетi бөлiнген қаражатты нысаналы пайдалануға бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады