Алматы қаласының аэропортын пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 маусым N 275а

      "Алматы қаласының аэропорты" акционерлiк қоғамын қаржылық-экономикалық сауықтыру, үй-жайларды жаңғыртуға инвестицияларды тарту, аэропорттың өткiзу қабiлетiн ұлғайту, ұшу-қону алаңдарын қайта жаңғырту және халықаралық басқару тәжiрибесiн пайдалану мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Люфтганза Аэропорт және Алматының жер бетiндегi қызметi" фирмасымен Алматы қаласының аэропортын әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық мақсаттағы объектiлерiнсiз пайдалану жөнiнде шарт жасасу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Люфтганза Аэропорт және Алматының жер бетiндегi қызметi" фирмасымен Алматы қаласының аэропортын пайдалану туралы шартқа, онда мыналарды көздей отырып белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою тапсырылсын:
      акционерлiк қоғамның екiншi ұшу-қону алаңының құрылысы жөнiндегi қарыздардан басқа берешектерiн өтеу жөнiндегi мiндеттеме;
      инвестицияларды тарту;
      қаржылық мәселелердi реттеу кестесi келiсiлгеннен кейiн банктiк 90 күн iшiнде фирма кәсiпорын қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi орындамаған жағдайда шартты бiр жақты бұзу мүмкiндiгi;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдемелер.
      Қаржылық мәселелердi реттеу кестесi бизнес-жоспар аяқталған және аудит бiткен соң әзiрленетiндiгiне келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Алматы қаласының аэропорты" акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы мәселенi белгiленген тәртiппен пысықтасын.
      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады