Қазақстан Республикасы халқының мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, басқаруға және концессияға беру мәселелерi жөнiнде хабардар болуын арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1997 жылғы 2 сәуiр N 85-ө

      Қазақстан Республикасы халқының мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, басқаруға және концессияға беру мәселелерi жөнiнде хабардар болуын арттыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi және Жекешелендiру жөнiндегi департаментi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгiн басқаруға, концессияға беру және сату жөнiнде жасалатын контрактiлердiң негiзгi шарттары жариялау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына берсiн;
      жариялау кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес инвестор үшiн коммерциялық құпияны құрайтын тармақтар мен баптар алынып тасталсын.
      2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловқа жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады