Республикалық бюджеттiң шығыстарын секвестрлеудiң тәртiбiн әзiрлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 17 сәуiр N 104-ө

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының  Z960052  27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      1997 жылға бекiтiлген бюджет тапшылығының деңгейi артқан немесе қаржы жылының жарты жылында және 9 айында оны орындау процесiнде республикалық бюджетке түсетiн кiрiстердiң бекiтiлген көлемi айтарлықтай төмендеген жағдайда, шығыстарды секвестрлеу туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн; 
      1997 жылдың 1 мамырына дейiн қорғалатын ерекшелiктер жөнiндегi шығыстардың уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етудi ескере отырып республикалық бюджеттiң шығыстарын секвестрлеудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны бекiтсiн. 

       Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады