Дефолт фактiлерiн болдырмау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 23 сәуiр N 113-ө

      Шетел несиешiлерiнiң алдындағы Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiн болдырмау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде дәрменсiз займшылар үшiн қосымшаға сәйкес жалпы сомасы 1 207 475, 23 (бiр миллион екi жүз жетi мың төрт жүз жетпiс бес доллар жиырма үш цент) АҚШ долларын, сондай-ақ есептелген айыппұлдар сомасын 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру минус өтеу" бөлiмiндегi көзделген қаражат шегiнде төлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi

мен "ТұранӘлемБанк" жабық акционерлiк қоғамы алынған қаражатты
республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету жөнiнде барлық
қажеттi шараларды қолдансын.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр
                                        Қазақстан Республикасы
                                          Премьер-Министрiнiң
                                        1997 жылғы 23 сәуiрдегi
                                            N 113-ө өкiмiне
                                             қосымша

                Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi алдағы төленетiн
                            төлемдердiң сомасы
     
                                                АҚШ долларында*
---------------------------------------------------------------------
      Займшы-ұйым    | Төлем сомасы |        Оның iшiнде
                     |              |--------------------------------
                     |              |  негiзгi       |проценттер
                     |              |  борыш         |
---------------------------------------------------------------------
"Алемсистем" ФИК     |  385 159,91  |  379 500,00    |    5 659,91
                     |              |                |
Герман несие желiсi  |              |                |
                     |              |                |
                     |              |                |
"Сельхозмаш" АҚ      |  822 315,32  |  701 335,03    |  120 980,29
---------------------------------------------------------------------
Барлығы              |1 207 475, 23 | 1 080 835,03   |  126 640,20
---------------------------------------------------------------------



      * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi бағамы бойынша 1 АҚШ доллары - 1, 60 немiс маркасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады