Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводтарын шикiзатпен тұрақты қамтамасыз ету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 29 сәуiр N 118-ө
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводтарына батыс сiбiр мұнайымен орнын басу жолымен Қазақстанның батыс аймақтарынан мұнай жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
2. Көрсетiлген заводтарға ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы Россия Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы 1993 жылғы 25 желтоқсандағы Келiсiмге сәйкес белгiленген көлемдердегi орнын басу бойынша жеткiзiлетiн мұнай қазақстандық ресурс болып табылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 68-бабының 5-тармағының мұнайдың орнын басатын көлемдерi бойынша қосылған құнға салықты есепке алу бөлiгiнде қолданылу тәртiбi туралы тиiстi түсiнiктеме берсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз