Тоталитаризм құрбандарына ескерткiш тұрғызу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 4 мамырдағы N 126
1. Т.Б.Сүлейменовтың, К.Ж.Монтахаевтың, А.А.Кенжетаевтың, А.Б.Ордабаевтың құрамында авторлар тобы дайындаған Ақмола қаласына орнатылатын тоталитаризм құрбандарына ескерткiштiң жобасы бекiтiлсiн.
2. Ақмола қаласының әкiмi тоталитаризм құрбандарына ескерткiш тұрғызу жөнiндегi бас тапсырысшы болып айқындалсын.
3. Ақмола қаласының әкiмi:
1997 жылдың 20 мамырына ескерткiш тұрғызу үшiн бөлiнген учаскенiң құрылыстың басталуына әзiрлiгiн қамтамасыз етсiн;
тендерлiк негiзде бас мердiгердi айқындасын;
1997 жылдың 24 қазанына Ақмола қаласында тоталитаризм құрбандарына ескерткiш тұрғызу жөнiндегi жұмыстарды аяқтасын және оның маңайындағы аумақтардың көрiктендiрiлуiн қамтамасыз етсiн
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Ақмола қаласының әкiмiмен және "Қаздизайн" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша тоталитаризм құрбандарына ескерткiш тұрғызуға арналған шығыстардың сметасын жасасын және оны бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға мәдениетке арналып көзделген жалпы қаражаттың есебiнен, бекiтiлген сметаға сәйкес тоталитаризм құрбандарына ескерткiштiң жобалау жұмыстары мен құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
6. Жобалау құжаттамалары бекiтiлгенге дейiн жекелеген сызбалар мен құжаттар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру мен орындауды шешсiн.
7. Ескерткiш тұрғызу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру және осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Ақмола қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз