Мемлекеттік қызметшілермен практикалық жұмысты күшейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 8 шілде N 221-ө

      Орталық атқарушы және оларға ведомстволық қарасты органдар жетекшілері, облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 маусымдағы N 3542 Жарлығына , мемлекет басшысының, республика Үкіметінің басқа да талаптарына сәйкес аппараттардың қызметкерлерімен практикалық жұмысты күшейтсін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет міндеттерін атқаруға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтерін барлық жерде жеке мақсаттарына пайдалануын, сыйлықтар, тартулар қабылдауын, заң тәртібінде қарастырылмаған мерекелер, салтанаттар, мерейтойлар және басқа да осы тәріздес шараларды өткізуін, бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалануын болдырмайтын бірыңғай жағдайларды қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министрдің
      бірінші орынбасары
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады