1994 жылғы наурызда берiлген N Ф-22-3/17 кепiлдiгiмен әкелiнген жүгерiнiң тұқымы үшiн берешектердi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 8 шiлдедегi N 222

      Югославияның "Прогресс" фирмасына "1994 жылғы көктемгi дала жұмыстарына әзiрлiк және оны ұйымшылдықпен өткiзу жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 наурыздағы N 252 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1994 жылғы наурызда берiлген N Ф-22-3/17 кепiлдiгiмен әкелiнген жүгерiнiң тұқымы үшiн берешектердi өтеу мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Республикалық ведомствоаралық кеңесiнiң Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қаражатының есебiнен көрсетiлген фирмаға 453 мың (төрт жүз елу үш мың) АҚШ долларына бара-бар сомада берешектердi өтеу туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Алматы облысының әкiмi 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн мерзiмде Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаражатты Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына қайтаруын қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. 

      Премьер-Министрдiң
      бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады