Тексеру жүргiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 17 қыркүйектегi N 313
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмi және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi таратылған Көкшетау облысының (1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 16-3/618 шешiм) Төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасының мемлекеттiк резервтердiң бiрiншi топтағы мұнай өнiмдерiн өз бетiнше шығындаудағы әрбiр фактiсi бойынша мұқият талдау жасасын.
Тексеру материалдары 10 күн мерзiмде тергеу органдарына тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер және Қаржы бақылау жөнiндегi комитеттерi жауапты сақтау пункттерiндегi мемлекеттiк резервтердiң бiрiншi топтағы қолда бар мұнай өнiмдерiне жаппай тексеру жүргiзсiн және оны өз бетiнше шығындау, ұрлауды қоса, фактiлерi табылған жағдайларда, материалдарды тиiстi шаралар қабылдау үшiн прокуратура органдарына тапсырсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз