1. Таратылған және қайта ұйымдастырылған орталық атқарушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес 1997 жылғы 20 қазанға дейiнгi мерзiмде тарату және қайта ұйымдастыру ресiмдерiне кiрiссiн.
2. Құрылған және қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қазiргi бар мемлекеттiк органдардың құрылымдары мен олар туралы ережелердi қарау жөнiндегi Комиссия (бұдан былай - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп және Қазақстан Республикасының мүдделi орталық атқарушы органдарының келiсiмi бойынша 1997 жылғы 22 қазанға дейiн мемлекеттiк органдардың құрылымдары мен олар туралы ережелердiң жобалары жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға беретiн болсын.
4. Комиссия орталық атқарушы органдар құрылымдарын,
қызметкерлерiнiң шектi санын, қызметтiк жеңiл автомобильдерi санының лимиттерiн бекiту жөнiндегi ұсыныстарын 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн қорытындыласын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн. Премьер-Министр Премьер-Министрдiң 1997 жылғы 17 қазан N 334 өкiмiне қосымша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымдары мен олар туралы ережелердi қарау жөнiндегi комиссияның құрамы Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Комиссияның төрағасы Комиссияның мүшелерi Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан Республикасының министрi Мұхаметжанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Байменов Ә.М. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары (вице-министр) Котенко Н.Л. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi Соболев В.В. - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Келiмбетов Қ.Н. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi Мақсаттарды және басымдықтарды қалыптастыру департаментiнiң директоры Мүшрәпiлов Ә.Ә. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң басқарма бастығы Комиссияның хатшысы Тұмабекова К.Ә. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Мемлекеттiк қызмет және кадр жұмысы бөлiмiнiң консультанты