Геологиялық-геодезиялық ақпарат туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 7 қарашадағы N 344 Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2005.07.13. N 193-ө Өкімімен

       Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2005.07.13. N 193-ө  Өкімімен .  

      "Каспий теңiзiнiң Қазақстандық бөлiгiнде көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi қалыптастыру мен дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 13 ақпандағы N 97  қаулысына  сәйкес және стратегиялық маңызы бар мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеу мақсатында: 

      1. Каспий теңiзiнiң Қазақстан бөлiгi жөнiндегi геологиялық-геодезиялық ақпаратты "Қазақстанкаспийшельф" АҚ уақытша сақтауға қалдыру туралы ұсынысқа келiсiм берiлсiн.

      2. "Қазақстанкаспийшельф" АҚ көрсетiлген ақпаратты сақтаудың қажеттi жағдайларын қамтамасыз етсiн және уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша ғана жер қойнауын пайдалану құқығын алуға талап қылушы заңды тұлғаларға онымен танысуға рұқсат етсiн. 

 
       Премьер-Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады