"Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 U973787_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi бiрлесiп:
Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын;
қолданылып жүрген заңдарға;
ақпараттық рынок пен бәсекелестiк орта құру, монополияға қарсы мемлекеттiк саясат жүргiзу жолымен меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi шартымен ақпараттық ресурстар қалыптастыру және қолда барын пайдалану;
шығарылған ақпаратқа интеллектуалдық меншiктi қорғау;
мемлекеттiң, қоғамның, азаматтың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
азаматтардың ақпаратты алуға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыру;
ақпараттандыру жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғау;
ақпарат және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн толықтырулар мен өзгерiстердi қоса алғанда заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
1998 жылдың 9 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей есеп беретiн және бағынысты мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен бiрлесiп қолда бар ақпараттық ресурстардың және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн материалдық-техникалық құралдарын мониторингiн, сондай-ақ дүниежүзiлiк ақпараттық жүйелерге талдау жүргiзсiн.
Жүргiзiлген мониторингтiң нәтижелерi бойынша:
мемлекеттiк ақпараттық орталықтар мен деректер базаларын оңтайландыру;
мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың заңды және жеке тұлғаларға арналған жекелеген санаттарын пайдаланудың тәртiбiн айқындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi және Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiленген тәртiппен қызметiнiң негiзгi мәнi ретiнде коммуникациялық орталық пен мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимылы жүйесiн құру, ортақ пайдаланылатын ақпараттық база қалыптастыру, сондай-ақ дүниежүзiлiк ақпараттық жүйелермен ынтымақтастық ұсынылатын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құру мәселесiн шешсiн.
3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың заңды және жеке тұлғаларға арналған жекелеген санаттарын пайдаланудың тәртiбiн айқындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 17 желтоқсандағы N 368а
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз