1. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы:
Ақмола қаласында биiктiгi кемiнде 40 қабат Бизнес-Орталық ғимаратын жобалау мен салу жөнiндегi тапсырысшы болсын;
Бизнес-Орталық ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейiн олардың аудандарға деген мүдделерiнiң барынша қанағаттандырылатынын есепке ала отырып, отандық және шетел инвесторларын қаржыландыруға кеңiнен тарта отырып Бизнес-Орталықтың үйiн жобалау мен салуды қаржыландырудың көздерiн белгiлесiн;
Ақмола қаласында Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу жөнiндегi мердiгердi қала құрылысы және сәулет саласындағы танымал отандық және шетел заңды тұлғаларын тарта отырып, конкурс негiзiнде бiр ай мерзiм iшiнде белгiлеп, кейiн тиiстi келiсiм-шарт жасассын. Конкурсты қорытындылаған кезде негiзгi өлшемдер болып мыналар белгiленсiн: жобаның, құрылыстың құны, салу мерзiмдерi және сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерi;
Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу бойынша жеңiмпазды анықтау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамына Ақмола қаласы әкiмiнiң өкiлiн енгiзсiн.
2. Ақмола қаласының әкiмi:
"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттiк актiнi бере отырып, он күн мерзiм iшiнде Бизнес-Орталықтың ғимаратын салуға жер учаскесiн бөлсiн;
инженерлiк коммуникацияларды салу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруға үлестiк қатысу жөнiнде шаралар қабылдасын;
Бизнес-Орталық ғимаратын инженерлiк коммуникациялармен (электр энергиясы, су, канализация, байланыс және басқалары) қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шарттарды берсiн;
3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қоса қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен келiсiм-шарттар жасассын.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен заңдарда көзделген жеңiлдiктердi берудi көздейтiн инвестициялық келiсiм-шарттарды заңдарда белгiленген тәртiппен жасассын.
Премьер-Министр
"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 19 науыздағы N 53
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз