Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 қыркүйектегi N 4073 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1998 жылғы 24 қыркүйектегi N 183

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 18 қыркүйектегi N 4073 U984073_ Жарлығын iске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай қаулыларының жобаларын енгiзсiн:
      тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң штат санын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) бере отырып, қайта ұйымдастыру мен қысқарту жөнiнде;
      Агенттiкке қайта ұйымдастырылатын құрылымдық бөлiмшелердiң функциялары мен өкiлеттiктерiн, қажеттi материалдық-техникалық құралдарды және осы өкiмнiң 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың өзге мүлкiн Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң және Агенттiкке берiлетiн штат санының көлемiнде беру туралы;
      өз құрылымы мен штат санын аталған Жарлыққа сәйкес келтiру туралы;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн аталған Жарлыққа сәйкес келтiру туралы.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Бас прокуратурамен келiсе отырып, екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мынадай қаулылардың жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзсiн:
      1) мына мемлекеттiк органдардың штат санын қысқартудың есебiнен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң штат санын ұлғайту туралы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - офицерлiк құрамдағы 1000 әскери қызметшi;
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - 500 қызметкер;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi iстер органдары - офицерлiк құрамдағы 1500 әскери қызметшi;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн аталған Жарлыққа сәйкес келтiру туралы.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) Агенттiктiң қызметiн 1998 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен Агенттiкке берiлген штат санының бөлiгiн, материалдық-техникалық құралдарды және осы органдардың өзге де мүлкiн ұстауға бөлiнетiн қаражаттың шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      2) жыл сайын республикалық бюджеттiң жобасында Агенттiктi ұстауға қаражат қарастыратын болсын.
      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады