Бірыңғай почта-жинақтық және телкоммуникациялық жүйені дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 6 қараша N 212

 


     Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорынның ауылдық

бөлімшелерін, "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамын және "Қазақстан

Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамын біріктіру мүмкіндігінің

техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және тиімділігін есептеу

мақсатында:


     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Шаймұханов              - Қазақстан Республикасының Көлік

     Сапарғали Дүйсетайұлы     және коммуникациялар министрлігі

                               Әкімшілік департаментінің директоры,

                               жетекші


     Попандопуло             - Қазақстан Республикасының Табиғи

     Елена Николаевна          монополияларды реттеу және бәсекелестікті

                               қорғау жөніндегі комитеті табиғи           

                               монополияларды реттеу басқармасының        

                               бастығы, жетекшінің орынбасары


     Қанешев                 - Қазақстан Республикасы Стратегиялық

     Біржан Бисекеұлы          жоспарлау және реформалар жөніндегі

                               агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және

                               үйлестіру департаменті директорының        

                               орынбасары (келісім бойынша)


     Нәсиев                  - Қазақстан Республикасының Көлік

     Асқар Қайратұлы           және коммуникациялар министрлігі

                               Почта және телекоммуникациялар

                               жөніндегі департаментінің директоры


     Мәдиев                  - Қазақстан Республикасының Көлік

     Біржан Мұхамеджанұлы      және коммуникациялар министрлігі

                               Экономикалық саясат және сыртқы

                               байланыстар департаментінің директоры


     Әшкенов                 - Республикалық мемлекеттік почта

     Ермек Рахымғазыұлы        байланысы кәсіпорнының бас директоры


     Әлиев                   - "Қазақтелеком" ашық акционерлік

     Ерлан Жеңісұлы             қоғамының бас қаржы директоры


     Иванов                  - "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі"

     Леонид Александрович       ашық акционерлік қоғамы басқармасы

                                төрағасының орынбасары


     Григорьев               - ИНТЕЛ ғылыми-жобалау

     Евгений Юрьевич           институтының президенті


     2. Жұмыс тобы 1998 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде

Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорынның ауылдық

бөлімшелерін, "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамын және "Қазақстан

Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамын біріктіру мүмкіндігінің

техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлесін және тиімділігін есептеуді

жүргізсін.


 
 
       Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады