Жекелеген электр станцияларын концессияға беру жөніндегі сатып алу-сату шарттары мен келісім-шарттары бойынша кейбір келіспеушіліктерді қарау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ »1998 жылғы 6 қараша N 214

     1. "Екібастұз ГРЭС-1" АҚ-ын, Шығыс Қазақстан облысының жылу электр

 

станцияларын сатып алу-сату шарттары мен Өскемен және Шульба ГЭС-терін

концессияға беру жөніндегі келісім-шарттар бойынша кейбір

келіспеушіліктерді қарау жөнінде мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Әблязов           - Қазақстан Республикасының

     Мұхтар Қабылұлы     Энергетика, индустрия және сауда

                         министрі, жетекші


     Қанафин           -  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

     Әрсен Байдуллаұлы    кеңесшісі


     Шоқпытов          -  Қазақстан Республикасы Қаржы

     Андар Мәулешұлы      министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

                          жекешелендіру департаменті

                          директорының бірінші орынбасары


     Котлов            -  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

     Андрей Николаевич    Заңдар және халықаралық құқық

                          департаментінің директоры


     Тиесов Сүйіншілік -   Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Әмірхамзаұлы          индустрия және сауда министрлігі

                           Энергетика және қатты отын

                           департаментінің директоры


     2. Жұмыс тобы 1998 жылдың 20 қарашасына дейін жұмыстың нәтижелері

туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын.

     3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "АЭС" корпорациясымен

дауларды реттеу жөнінде комиссия құру туралы" 1998 жылғы 24 қыркүйектегі

N 184 өкімінің күші жойылған деп танылсын.



 
 
       Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады