Фосфорлық кіші саланың ұйымдары басшыларының қызметі бойынша жекелеген мәселелер

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 1 ақпан N 9-ө

      Жамбыл облысы фосфор ұйымдарының өзара қарым-қатынастарын реттеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Жамбыл облысының әкімімен бірлесіп, құқық қорғау органдарының қатысуымен комиссия құрып, оған "Промтранс", "Нодфос", "Қаратау" және "Суперфосфат зауыты" акционерлік қоғамдарының басшылары қызметінің заңға сәйкестігі мен негізділігі туралы мәселені қарау тапсырсын.
      2. Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесе отырып жоғарыда аталған акционерлік қоғамдардың еңбек ұжымдарының инвестициялық жекешелендіру купондарына айырбасталуға тиісті акциялар пакетінің 25 процентін иеленуінің, сондай-ақ О.Ахметжановтың және

 

Т. Шәменның "Промтранс" акционерлік қоғамы акциялар пакетінің 55

процентін иеленуінің негізділігі мен заңға сәйкестігі бойынша тексеру

жүргізсін.

     3. Тексеру қорытындылары бойынша ұсыныстары бар ақпаратты 1999

жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.


     Премьер-Министр



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Икебаева А.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады