Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 2 ақпан N 11-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" (бұдан әрі - Бағдарлама) 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 U984189_ Жарлығын іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Бағдарламаны іске асыру үшін қажет қаражат көздесін.
      2. Министрліктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне, есептіден кейінгі, әр айдың үшінші күні Бағдарламада көзделген іс шараларды орындау туралы есеп ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі

 

агенттігі Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күні жиынтық есепті

ұсынсын.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.15. N 81

              өкімімен. 


R990081_



     4. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөнінде бақылау жасау

және үйлестіру Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау

жөніндегі агенттігіне жүктелсін.


     Премьер-Министр





  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады