1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметінде жекелеген акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың инвестициялық және өндірістік бағдарламаларын қараудың кестесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының министрліктері аясында қосымшада
көрсетілген акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындар өзінің
қызметін жүзеге асыратын, өздерінің салалық бағыттарына сәйкес
материалдарды Үкімет мүшелеріне қарау күніне дейін үш күн бұрын
жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары А.С Павловқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1999 жылғы 25 ақпандағы
N 23 өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметінде жекелеген
акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың
инвестициялық және өндірістік бағдарламаларын қараудың
Кестесі
__________________________________________________________________________
| Атауы | Қарау күні
|________________________________________________|_________________________
|"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы | 03.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"Қазақстан темір жолы" республикалық | 05.03.99
|мемлекеттік кәсіпорны |
|________________________________________________|_________________________
|"КЕGОС" акционерлік қоғамы | 07.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы | 09.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"Мемазықтүліккорпорациясы" жабық үлгідегі | 11.03.99
|акционерлік қоғамы |
|________________________________________________|_________________________
|"Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы | 15.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы | 17.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі | 19.03.99
|ұлттық компания |
|________________________________________________|_________________________
|"Жібек жолы-Қазақстан" ұлттық компаниясы | 22.03.99
|________________________________________________|_________________________
|"Аэронавигация" РМК | 25.03.99
|________________________________________________|_________________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.