Қазақстан Республикасы Президентінің "Акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы 1999 жылғы 18 ақпандағы N 8 қаулысын іске асыру, сондай-ақ кейбір акционерлік қоғамдарды басқаруға байланысты бірқатар мәселелерді реттеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (А.М.Шоқпытов) заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) үш күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісу үшін мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен мына:
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық акционерлік компаниясы;
"Эйр Қазақстан";
"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания";
"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы";
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы;
"Қазтеңізкөлікфлот" ұлттық теңіз кеме жүзу компаниясы";
"НСБК-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесін сайлау туралы қажетті шешімдер мен басқарма төрағаларының (президенттерінің) кандидатуралары бойынша ұсынымдардың жобасын енгізсін;
2) үш күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісу үшін "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына қатысты осындай шешімдердің жобаларын енгізсін;
3) жоғарыда көрсетілген акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесін сайлағаннан кейін олардың мынадай рәсімдерді:
оларды сайлауды Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына сәйкес келтіру мақсатында тиісті акционерлік қоғамдар басқармаларының төрағаларын (президенттерін) сайлауды (қайта сайлауды);
тиісті акционерлік қоғамдар басқармаларының төрағаларымен (президенттерімен) келісім-шарттар жасасуды жүргізуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың жарғыларына:
жарғыларды Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер;
өз құзыретінің шегінде акционерлік қоғамдар басқармаларының
төрағаларымен (президенттерімен) міндетті келісім-шарттар жасасуды
көздейтін толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) акционерлік қоғамдар басқармаларының төрағаларымен
(президенттерімен) жасалатын Үлгі келісім-шарттың жобасын Қазақстан
Республикасы Үкіметінің келісуіне енгізсін;
5) осы өкімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр