Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 4а өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 18 наурыз N 33-ө

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "1999/2000 оқу жылында жоғары білімi бар кадрлар даярлауға деген сұранымды айқындау туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 4а R99004a_ өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      "15 ақпанына дейінгі" деген сөздер "15 наурызына дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық жоспарлау жөніндегі комитетіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

 

     3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия

және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және

денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып" деген сөздер

"Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен

бірлесіп" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

     жұмыс тобының құрамына енгізілсін:


     "Солодченко Роман             - Қазақстан Республикасы

     Владимирович                    Экономикалық жоспарлау жөніндегі

                                     агенттігінің төрағасы (жетекші)"


     "Дәмитов Базар Қабдошұлы      - Қазақстан Республикасының

                                     Ғылым және жоғары білім

                                     министрлігі Жоғары білім

                                     департаментінің директоры";


     "Арын Ерлан Мұхтарұлы         - Қазақстан Республикасының Білім,

                                     мәдениет және денсаулық сақтау

                                     вице-министрі (жетекші)"


     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:


     "Арын Ерлан Мұхтарұлы         - Қазақстан Республикасының

                                     Денсаулық сақтау, білім және спорт

                                     вице-министрі";


     Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев, Алмас Қажкенұлы Төлебаев, Әділхан

Әбдірахманұлы Өмірбаев көрсетілген құрамнан шығарылсын.


     Премьер-Министр



      Оқығандар:

         Омарбекова А.

         Қасымбеков Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады