Ұлттық валюта - теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуіне байланысты түсіндіру жұмысын күшейту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 9 сәуір N 45-ө

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы" 1999 жылғы 3 сәуірдегі N 360 P990360_ қаулысын орындау үшін:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) қалалар мен елді мекендерде ұтқыр назар аудару топтарының көмегімен жағдайдың мониторингі бойынша тұрақты жұмысты ұйымдастырсын. Азаматтар, олар бойынша қажетті түсініктер алатын, күнделікті аса қажетті тауарларға бағаларды негізсіз көтеру, АҚШ долларымен төлеуді талап ету фактілері туралы, теңгенің айырбас бағамының жаңа саясатына байланысты басқа да ақпараттарды хабарлайтын қызметтік мекен-жайлар, телефон нөмірлерін жарияласын;
      2) халықтың арасында теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы енгізілгеннен кейін болып жатқан экономикалық процестердің мәнін, осы шешімнің әлеуметтік салдарын жұмсарту жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдап отырған шараларын түсіндіру жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асырсын;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жергілікті тауарлар

 

мен қызметтерді өндірушілермен және берушілермен бағалардың негізсіз

көтерілуіне жол бермеу жөніндегі шараларды талқылау үшін тұрақты

кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін.

     2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады