Экономикалық саясаттың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 9 сәуір N 46-ө

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының алдағы уақыттағы саясаты туралы бірлескен мәлімдемесіне сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (М.Қ.Әблязов), Мемлекеттік кіріс министрлігі (З.Х.Кәкімжанов) үш күндік мерзім ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына қаулыларын тоқтату туралы Үкімет қаулысының жобасын енгізсін:
      "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 4 ақпандағы N 83;
      "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 5 ақпандағы N 88
      "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 5 ақпандағы N 89;
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі (З.Х.Кәкімжанов), Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (М.Қ.Әблязов), Қаржы министрлігі (О.Ә.Жандосов), Ауыл шаруашылығы министрлігі (Ж.С. Кәрібжанов), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Н.А.Коржова), Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (Р.В.Солодченко), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (Н.В.Радостовец) теңгенің еркін өтімді бағамына көшу режиміне байланысты:
      - қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, кәсіпорындары мен экономиканың экспорттық және импортты алмастырушы секторларында жұмыс істейтін өзге де ұйымдардың тиімді қызметі, тариф саясаты мен баға құрудың тұрақтылығы үшін жағдай жасау;
      - экспорттық-импорттық кеден операцияларына бақылауды күшейту;
      - олардың зардаптарын жұмсарту және бiрiншi кезектегi тәртiппен халықтың бюджеттен алатын кiрiсi төмен жекелеген жiктерiнiң мүмкiн болатын жоғалтуларын өтеу жөнiндегi тиiстi шараларды пысықтасын.
      3. Мониторингтi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының

 

Yкiметi мен Ұлттық Банкiнiң теңгенiң айырбас бағамының одан арғы

саясаты туралы бiрлескен мәлiмдемесi мен Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң "Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы" 1999

жылғы 3 сәуiрдегi N 360 қаулысына сәйкес теңгенiң еркiн өзгермелi еркiн

айырбас бағамына көшуiне байланысты ел экономикасында болып жатқан

процестердi реттеу мақсатында:

     1) мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Павлов Александр        - Қазақстан Республикасы

     Сергеевич                 Премьер-Министрiнiң орынбасары (жетекшi)


     Әбiтаев Есберген        - Қазақстан Республикасының Энергетика,

                               индустрия және сауда бiрiншi вице-

                               министрi,


     Аймағамбетов            - Қазақстан Республикасының

     Көпжасар Төленұлы         Премьер-Министрi Кеңсесiнiң

                               Қаржы-экономикалық сараптама бөлiмi        


                               меңгерушiсiнiң орынбасары


     Аханов Серiк            - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Ахметжанұлы               вице-министрi


     Антропов Петр           - Қазақстан Республикасының

     Константинович            Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпарат және

                               талдау бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары


     Бейсембетов             - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары

     Ескендір                  (келiсiм бойынша)

     Қалыбекұлы


     Бұқанов Марат           - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер

     Әбдіқалұлы                министрлiгi 9-департаментiнiң бастығы


     Коржова Наталья         - Қазақстан Республикасының Еңбек және

     Артемовна                 халықты әлеуметтiк қорғау министрi


     Құзатбеков Науатбек     - Қазақстан Республикасының

     Бұлтбекұлы                Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ұйымдастыру,

                               бақылау және қауiпсiздiк бөлiмi

                               меңгерушiсiнiң орынбасары


     Күлекеев Жақсыбек       - Қазақстан Республикасы Статистика

     Әбдірахметұлы             жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы


     Нұрпейiсов Қайрат       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

     Айтмұхамбетұлы            кiрiс вице-министрi


     Радостовец Николай      - Қазақстан Республикасы Табиғи

     Владимирович              монополиялар және бәсекенi қорғау

                               жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы.



 
       2) жұмыс тобы теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамына көшуiнiң әлеуметтiк зардаптарын жұмсарту, қазақстандық, экономиканың бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру, елдің сыртқы сауда балансын жақсарту және экономикалық өсудi қайта жаңарту үшін алғы шарттар жасауға арналған жедел шаралар мен шешiмдердi талдауды және пысықтауды қамтамасыз етсiн;
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi сауда нүктелерiнде теңгемен көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған бағалар туралы ақпараттардың болмауы жағдайларына жол бермесiн;
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi (келiсiм бойынша), Статистика жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi болып жатқан процестер туралы ақпараттарды тұрақты түрде жинауды, қорытуды және мына мекен-жай:
      Е-маil: govrk@ glоbаl. kz
      факс: 8-3172-32-33-20 бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне ұсынуды ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi (Р.В.Солодченко) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

 

туралы" 1999 жылғы 5 ақпандағы N 86 қаулыларына тиiстi өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзсiн.

     5. Осы өкiмнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады