"Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын
жекешелендірудің орындылығын зерделеу мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Құзытбаева Ажар - Қазақстан Республикасының Көлік,
Қилымбекқызы коммуникациялар және туризм вице-министрі
жұмыс тобының жетекшісі
Доминов Евгений - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Евгеньевич Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары
Әбілғазин Талғат - "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық
Байтемірұлы мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Демеу Айдар - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Сағыдатұлы индустрия және сауда министрлігі Мұнай және
газ департаменті жаңа жобалар бөлімінің
бастығы
Жуланова Людмила - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Аркадьевна Кеңсесі Қаржы-экономикалық сараптама
бөлімінің сектор меңгерушісі
Коваленко Петр - Қазақстан Республикасының Көлік,
Данилович коммуникациялар және туризм министрлігі Су
көлігі департаментінің директоры
Мәтішев Әлиасқар - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болатұлы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру
комитеті Ұлттық компаниялар және жеке
жобалар басқармасының жетекші маманы
Мекебаев Әділет - Қазақстан Республикасының Әділет
Адамұлы министрлігі заң және халықаралық құқық
департаментінің бас маманы
2. Жұмыс тобы "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын жекешелендірудің орындылығы жөніндегі мәселені зерделесін
және 1999 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық
атқарушы органдар, ведомстволар өз құзыретінің шеңберінде және
Маңғыстау облысының әкімі жұмыс тобының қызметіне жәрдем көрсетсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.