Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 45 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 7 мамыр N 60-ө

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппаратта тәртіпті күшейту жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы N 45 N990045_ өкімін басшылыққа және мүлтіксіз атқаруға қабылдасын:
      2. Министрліктер мен агенттіктердің басшылары:
      - кінәлі адамдарға атқаратын қызметінен босатуға дейін қатаң шаралар қолдана отырып, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын уақтылы орындамаудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тексерістер жүргізуді қамтамасыз етсін;
      - алқаларда бақылау және атқарушылық тәртіп мәселелерін қарасын;
      - тәртіптің жоқтығы мен формализмді жою, аппараттардың жұмысында тәртіп орнату, ұйымдастырушылық-бақылау және құжаттамалық бөлімшелерді кадрлық және техникалық жағынан нығайту, лауазымды тұлғалардың дербес жауаптылығын арттыру жөнінде нақты және сындарлы шаралар қабылдасын;
      - бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тілеубердин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімшелерінің Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, Үкіметтің шешімдерін, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшылығының тапсырмаларын уақытылы және түпкілікті атқаруын тиісті бақылауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің осы мәселелер бойынша министрліктермен, агенттіктермен және ведомстволармен өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың кешенін белгілесін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
      - министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және жергілікті атқарушы органдар аппараттарының Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын атқаруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарына ұдайы тексерістер жүргізу практикасын енгізсін;
      - лауазымды тұлғаларды жазалау туралы қабылданған шешімдердің

 

олардың кінәсі дәрежесіне сәйкестігін тексерсін;

     - 1999 жылдың мамыр-маусымында министрліктер мен агенттіктер

басшыларының, қызметтің осы учаскесі үшін жауапты адамдардың

қатысуымен бақылау жұмысын ұйымдастыру және іс қағаздарын жүргізу

жөнінде семинар-кеңес өткізсін;

     - орталық атқарушы органдар жүргізген жұмыстардың қорытындыланған

нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісінің

қарауына атқарушылық тәртіп туралы мәселе енгізсін.


     Премьер-Министрдің

     міндетін атқарушы


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады